• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2018

Орбұлақ  шайқасы  – ұлт бірлігінің үлгісі

17244 рет
көрсетілді

Орбұлақтағы Салқам Жәң­­­гір мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүр­дің жоң­­ғарларға қарсы қол бірік­тірген  шайқасының жеңісі, бұдан бірнеше жылдан кейін Ордабасыда үш жүздің хаң­дары мен батырларының, билерінің ауызбіршілікпен жиналып, ортақ тіл табысып, бірігуінің тарихи  ма­ңыз­дылығы барлығын дә­лелдеп, ой салды. Бұдан бы­лай бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып, бас­қын­шы жауының бетін қай­тарып отырды.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

1993 жылы Үкіметіміздің бас­тамасымен Орбұлақтағы ұлы жеңістің 350 жылдығын халқымыз лайықты атап өтіп, ерліктің мәнін ашып, кейінгі ұрпаққа өлместей жаңғыртып, өнеге тастады. Сөй­­тіп осы кезге дейін күмән туғы­зып, жұмбақ болып келген ол же­ңіс егемендіктің тарихынан ойып тұ­рып орын алды.

Қазақ халқының жоңғар шап­­­­­­қын­­шылығына қарсы ұлт­­-азат­­тық соғысы ұлт қаһар­­­ман­да­ры­ның ел мен жер тағ­дырын батыл шешіп, халқын қор­ғай алатындығын дәлелдеп, көре­ген­дік саясатының мызғымас бе­ріктігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының Министрлер  Кабинеті Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы туралы 1993 жылы  арнайы қаулы қабылдап, сол жылы елімізде бірқатар тағылымды шаралар атқарылды. Белжайлау төрінде­гі Орбұлақта ұлан-асыр той өтіп, халқымыздың бірлігін, ын­­тымағын тағы бір көрсетті. Кес­кіліскен шайқас өтіп, жанталаса қорғаған жерге белгітас қойылды. Ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары бұл іске белсене араласып, материалдар жариялап, арнайы телехабарлар арқылы ата-бабаларымыздың ас­қан ерлігімен келген іргелі істері, қайта жаңғыртылып жария етіл­ді. Батырлардың есімдерін мәңгілікке қалдыру бағытында  ұлы жеңіске ерекше мән берілді.

Ел­басымыздың  «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» атты мән-маңызы жоғары әрі өміршең ма­қаласы келешектегі  түйткілді мә­се­лелерді тағы да жаңғыртып, ел мен өлке тарихына  шынайы ықы­­лас аударуға ықпал етті.

Салқам Жәңгір мен алшын Жалаңтөстің қолбасшылығымен басталған ұлт тағдырын жоқта­тып, ойлантқан, өздерінен күші басым аса ауыр шайқаста ша­пырашты Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, суан Елтінді, қырғыздар Көтен мен Табай батырлар Жетісудан жауды қуып шығып, жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, азаттықтың ақ та­ңын атырды.

Жоңғар, ойрат, төлеңгіт, қал­­­­­ма­қ­тар да өз ішінде талай зоба­лаңды бастан кешірді. Өзара араздасып ауызбіршіліктері кете бастаған ойрат ұлысы өріс-қоныс­тарынан айрылып, басқа жерлерге қоныс аударды. Олардың көзіне ессіз жатқандай Дешті Қып­шақ даласы мен Моғолстан қара­­мағындағы Жетісу өңірі тү­сіп, қызығушылықтарын оятты. Ер­тіс, Шідерті, Қамысты, Есіл бойларын иемденіп, Еділ саға­сын­дағы суы мол жайлымды жер­­ге ауыз салды. Бүкіл қа­зақ дала­­сына басқыншылық шабуылдар жасады.1640 жылы Тарбағатай құрылтайында «Дала жосығын» қабылдап, Жоң­ғар хандығы мемлекетінің құры­лымын тіктеп алуға кірісті. Бұған қытайлардың қысымы, жаңа құ­ры­лып жатқан Қазақ хан­дығы кедергі келтіріп, мақсатын жүзеге асыртпай, жолдарын бай­лай берді. ХVІІ ғасырдың 30-жылдары ойрат­тардың билеу­шісі Хара-Хұла өмір­ден өтті. Осы қолайлы сәтті ұтымды пайда­лануға асыққан Ба­тыр қоң­тайшы қалмақтың ба­сы бірікпеген үш тайпасын өзі­не бағынышты етті. Олардың көсем­дері, торғауыттар басшысы Хо-Өрлік пен дүрбіт­тердегі Далай тайшының көме­гіне сүйеніп, бірлескен мемлекет құрды. Бұл мемлекет тарихта Жоңғар хан­дығы деген атпен әйгіленді. Осы ғасырдың екінші жартысынан бас­тап жоң­ғарлардың қазақ даласына бас­қыншылық соғыстары өрши түсті. Олар қытай мен орыстың отты қару-жарағын қолға түсіріп, біраз күшейіп алып, айналаға көз аларта бастады. Батыр қоңтайшы он тоғыз жыл (1634-1653) билеген кезінде Қазақ хандығына үш рет ірі әрі жойқын шапқыншылық жорықтар жасады.

Алғашқы шайқас 1635 жы­­лы тұтқиылдан басталып, жоң­ғарлар жеңістің дәмін татты. Екін­­ші соғысы 1643 жылы өтіп, Ор­бұлақ шайқасы тарихта ерекше орын алды. Орбұлақ қолайлы қорғаныс және соғыс жүргізу үшін қазақтарға өте ыңғайлы болды. Қорғаныс желісі мен шабуылды  ұтымды әрі тиімді ұйымдастырды. Жалаңтөстің жасақталған кәсіби әскері жоң­­ғарлардың тас-талқа­нын шы­ғарып, ту-талақай етті. Мы­сын басып, біраз шығынға бат­ырды. Қанды шайқас орнында қазылған ордың іздері әлі де сайрап жатыр. Осында қырылған жоңғарлардың сүйектері бұл жерден әлі күнге дейін табылады. Жер табиғаттың нәріне айналып, тыңайтқыш болып кеткендей, күл болған қап-қара сүйектер көз сүріндіреді.

Қоянды тау шыңының шы­ғыс жағында Күреңкейтау, Аламантау, Құяпатытау, Сары­тау, Боқан таулары иық­тасып созылып жатыр. Көкжеті тауы­ның арғы жа­ғында жоңғарлар. Таудың жоталарында терең сай бар. Таудың етегімен келе жатқан жоңғарлар шұңқырға жайғастырылған қазақ жа­уын­герлерін байқамайды. Ор­бұлақтың қия беткейіндегі қой­­тас­ты паналап ор қазып алып,жауын улы жебемен қар­сы­­ алады. Сонымен қатар сасық­те­ке­­нің түтінегін де пайдаланады. Улы жебе қадалса, безгек тигендей сұлап түседі. Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін шөп. Шілде айында гүлдейді. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді. Сосын жағып өртейді. Жан-жаққа жайылған түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Мұны аңғармаған жау жапырып тастамақ болып лап береді. Олар осы кезде улы жебе мен улы тү­тін­ге ұрынады. Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлері улы түтінге тұншыққандарды шетінен жапырып шаба береді. Ал қазақтар уланса қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып алады. Аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып сауықтырады. Алғашқыда жаппай қырылып, біраз шығынға ұшырап не болғанын білмеген ойраттар біразға дейін естері шығып, бет­темей қалады. Сөйтіп уақыт ұт­қызып, көмек келгенше қазақтар біраз күнді оздырады.

Белжайлаудағы  Итшоқы  жо­та­сының баурайында 1993 жылдың 3 шілдесінде мерей­тойлық шаралар басталып, сол кездегі Қазақстан Минис­тр­лер Кабинетінің төрағасы С.Терещен­ко мен Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев халқымыздың тарихи қаһарман­дығын қатысушыларға жан сүйсінерліктей әңгімелеп, ата-бабаларымыздың жанталасқан орасан зор ерлігіне бас игізіп, мақтан етті. Ел мен жерді қор­ғау, ұлтты сақтаудағы батырлары­мыздың қайсарлығы мен табан­дылығын, елу мың әскерлі қоң­тай­шыны бар болғаны алты жүз қолмен әдепкі кезде тойтарып, бетін қайтарғанын, Салқам Жәң­гірдің әскери тактикасының үз­­­­дік­тігін айтып жарияға жар салды. «Со­­лардан қалған белгідей... ай­лап-апталап бастарын ажалға тік­кен ардақтардын жанына түс­кен жыртықтай, тәніне түскен тыртықтай боп атамзаманғы оқ­пана шұңқырлар әлі жатыр»,  деді дарынды жазушы Әбіш ағамыз.

Үш жарым ғасыр өткенде қан­­ды шайқас орнында қазылған ордың айқын іздері, тарих бе­тінде қашап жазылған алтын әріп­тей әлі тыртығы жазылмай жат­қаны, ерліктің қаншалықты қымбатқа түскенінің айқын дә­лелі. Бұл соғыс қазақ халқының ауызбіршілігін, бір-біріне деген жанашырлығын, ынтымақты жарас­тығын, қиын-қыстау кездегі бір-біріне қамқорлық жасағанын тағы да дәлелдеп берді. Қазақтың салқам Жәңгір бастаған сарбаздарына Самарқан әмірі Жалаңтөс баһадүр 20 мың әскерімен көмекке келіп үлгеріп, дұшпанның арман-мақсатының күлпаршасын шыға­рып, жеңіліс дәмін таттырды. Осы бір жан берісіп, жан алысқан, шай­қас өткен киелі жер көп шежі­ре шертіп, бүгінге дейін бей­мә­лім жұмбақ сырды жариялап, соғыс­тың шындығына көз жеткіз­гендей, қазылған оқпаналар ізі жақсы сақ­талған.

Жер ыңғайына байланысты Орбұлақ қорғаныс пен оңтайлы қарсы ұрысқа әдейі таңдалған. Салқам Жәңгірлердің аз қолмен шабуылдауға қолайлы қорғанысы болатын. Таудың терісі – беткей, түстігі – тау арнасына кірер өзен. Жау беттейтін жақ тегіс те, жан-жағы алақанға салғандай айқын кө­рінетін. Сырт беті – терең сай. Осы қамашауда жақындағанын тырп еткізбей оққа ілдіріп, әрі қарға адым бастырмай қағып түсіруге ыңғайлы бекініс еді. Тек жауды жақындатып бетпе-бет келтірмей, маңайлатпай, көмек келгенше уақыт созып, шыдап, төтеп берсе болғаны. Жалаңтөс баһадүр қолымен бірге, Кіші жүз Әлімұлы, Төртқара Жиенбет батыр-жырау, бес мың қолды жинап, сақадай сай қаруландырып, асығыс аттанады. Олар Елек тұсынан самарқандық қалың қолға қосылады. Жиенбет Есім ханның да, оның баласы Салқам Жәңгірдің де сенімді до­сы және қол бастаған батыры екенін байқаймыз. Бұлармен көп­тен бері жақын байланыстары әрі сыйластықтары бар, дос­тығы тереңге кеткен, бір-бірін қы­сылшаңда тастамайтын дос-жар еке­ніне көзің жетеді.

Орбұлаққа дейін Батыр қоң­­тайшы қырғыздарды 50 мың қолымен шауып, 10 мың тұт­қынды  қол-аяғын кісендеп айдап келе жатқан. Осы жеңісіне масайрап, Жетісуды баса-көктеп, талап-тонап, оңай олжаға кенелмек те ойы болған. Жері шүйгін, суы мол тау ішіндегі  қолайлы жер Үйгентастың белі арқылы, Арал­төбе мен Қоғалыны тіке басып, Қараталға қарай өтсе, Жетісуды оңай шауып, олжалап өз ұлысына қарай асып түсуге болады. Қазақ қо­лы қоңтайшының бұл айласын алдын ала түсініп, көп шығынға жол бергізбей, алдын кесіп, қос бүйірден қысатын жерге тос­қауыл қоюды ойластырған.

1643 жылғы маусым айының аяғында қоңтайшы әскерінің алдын Белжайлауға  жеткізіп, бас-аяғын шілденің бас кезінде жинап алып, қазақтарға қа­лың қолмен шабуыл жасауды ойластырған. Олар Салқам Жәң­гірдің жауынгерлері жолын бөгеп, соншама тосқауыл болып, төтеп береді деп күтпеген. Осы аз ғана уақытты қазақтар тиім­­­ді пайдалануға жанталасып, Са­марқандағы Жалаңтөс баһа­дүрге шұғыл хабар беріп, тез же­туін өтінген. Өйтпесе Жетісу бо­йын күші басым қоңтайшы әскері қанжоса етіп, жайпап кететінін түсінген.

Батыр қоңтайшы қырғыздарға Алакөлдің солтүстік беткейіндегі ордасынан Ресей мен Қытайдан алдырған отты қарулармен жасақ­талып аттанғанын көрсететін тарихи дәлелдер жеткілікті.

Орыс елшісі Григорий Ильин­ мен татар Кучембердейко Ку­чеев­­тің мәліметінде Батыр қоң­тайшы Белжайлаудағы Ор­бұлақ шай­қасында әскерінің ауыр соқ­қыға ұшырап, біраз жауын­гер­лерінен айрылып, қат­ты қай­ғырып, өкініп отырға­нын байқаймыз. Бұл жорық  жоңғар­ларға оңайға соқпаған.

Теке өзенінің бойындағы Қа­бық­сары тауында Батыр қоң­тайшының зайыбы Дара Уба Зал­ча айым орыс елшісі Г.Ильинді қа­былдайды. Бет біткеннің сұ­луы, хор қызындай үлде мен бүлдеге оранған ол көңілсіз еді. Ханшаның әкесі Хо-Өрлік те кезінде хан болған. Осы кездесуде жұбайы Батырдың жорықтан әбден абыржып, көңіл-күйі бұ­зылып, ордасынан сыртқа шықпай, үнсіз жат­қанын айтып, ешкімді қабыл­дамайтынын жеткізген. Шы­нында да қоң­тайшыға бұл жеңі­ліс ауыр соққы болып тиіп, абы­­­ройын айрандай төгіп, бақ­талас­тары арасында беделі түсіп, еңсесін жерге қарат­ты.

Тұран өлкесінің әскери бас қолбасшысы Жалаңтөс Батыр қоңтайшы әлі де тек жатпай, кек сақтап, қайта соғатынын түсінді. Ол жоңғарлар арасындағы беде­лін қайтаруды ойластырып  жат­­­қанын сезді. Самарқанның ба­тыр-әмірі осы жеңісті шайқас­тан соң,  әске­рі­нің арасындағы  17 мен 25 жас ара­­лығындағы бес мың жігіт­ті Жетісу аймағын қорғауға қал­дырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­ алға қойған тап­сыр­­малар­­­­­дың негізінде соңғы кез­де­рі ру­ха­ниятқа қамқорлық бағы­тын­дағы жұмыстар жанданып, қанатын кеңге жаюда. Биылғы жылы Орбұлақ  шайқасындағы ұлы жеңіске 375 жыл толады. Мұны кең көлемде атап өту қажет.

Бұған дейін де Самарқан  әмірі, бас әскери қолбасшы Жа­лаңтөс баһадүрдің туға жері Қы­зылорда облысында  көп шаралар атқарылған болатын. Қаза­лы және Арал аудандарының орта­лығында ескерткіші қойылды. Қы­зылорда қаласында салтанатты да зәулім ескерткіш бой көтерді. Арал қаласында спорт кешені  ашылып, есімі берілді. Қазалы ауданындағы Қызыл ту ауылы Үкімет шешімімен Жа­лаң­төс баһадүр атымен аталды. Жалаңтөс баһадүр атындағы дарынды балалар спорт мектебі Қызылорда қаласында ашылып, оның оқушылары республи­калық, халықаралық, әлемдік жа­рыстарда жүлделі орындарды иемденіп, жеңімпаз атануда.

Орбұлақ шайқасы өткен Ал­маты облысы, Панфилов ауда­нында Салқам Жәңгір мен оның 56 сарбазы жерленген қорым қоршалып, белгітас орнатылды. Сөйтіп Жаркент жұртшылығының осы өнегелі іске, жанды бастамаға деген жанашырлығы мен ризашы­лығын байқадық.

Осы орайда Оңтүстік Қазақ­стан облысы, Қазығұрт ауданы арқылы Өзбекстанға қарай өтетін, халықаралық күре жол­дың бойындағы бір жотаны жұрт­шылық келетін қасиетті, тарихи орын­­ға айналдыру мақсат ет­іл­­­­ді. Осында  «Баба­лар рухы­на тағ­зым» кешені, Ұлы Отан соғы­сына қатысушылар ескерт­кіші тұрғызылып, Жастар саябағы ашылған. Осылардың жанына Орбұлақ шайқасы батыр­ларының еңселі ескерткіші қо­сыл­мақ. Қос батыр – әскербасы Сал­қам Жәңгір хан мен Самарқан әмірі, ұлы Әйтеке бидің бабасы Жалаңтөс баһадүрге, Орбұлақ шайқасы батырларына кешенді ескерткіш орнатуға кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасы Үкі­ме­тінің қаулысына сәйкес биыл Орбұлақ шай­­қа­­сындағы ұлы жеңістің 375 жылдығы рес­пуб­ликалық дең­гейде аталып өтіп, Елбасының ру­хани жаңғыру бағ­дарламасы халық игілігіне айналып, тәрбиелі түрде тұрақты жүзеге аса беретін болады. Бұл – өміршең идея.

Елін, жерін, ұрпағын жаудан қорғаған бабаларымызға қан­дай тарихи сый-сияпат көрсе­тіп, мәңгілікке қалатындай іс-ша­ра­лар жасасақ та артық емес. Бұл біздің перзенттік боры­шы­мыз. Ел қорғаны болған батыр­ларымыздың қай-қайсысы да біз үшін әрі құрметті, әрі қасиетті.

 

Нажмедин  МҰСАБАЕВ,

Жалаңтөс баһадүр атындағы республикалық қордың төрағасы